<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><lyrics>[V1]
 Тәңірім - менің Бағушым,
 Мен еш нәрседен тарықпаймын.
 Ол мені жасыл жайлауға жайып,
 Тұнық суға апарады.

[C1]
   Жаныма күш береді,
   Есімі қасиетті болғандықтан,
   Мен Оған нық сенемін.
   Ол мені тура жолмен жетелейді.

[V2]
 Қараңғы шатқалда жүрсем де
 Қауіп-қатерден қорықпаймын.
 Себебі Сен қасымдасың,
 Ақ таяғың сүйенішім.

[V3]
 Сен маған дастархан жаясың,
 Дұшпандарымның көз алдында.
 Құрметтеп мені қарсы алып,
 Тостағанымды толтырасың.

[V4]
 Жақсылық пен мейірімділік
 Өмірлік менің үлесім.
 Мен мәңгі Тәңірдің үйінде
 Қала беретін боламын.</lyrics>
<title>Тәңірім менің Бағушым</title>
<author>Р. Қабдешов</author>
</song>